Бүгін – белгілі дирижер Төлепберген Әбдірәшевтің туған күні

587

0

Бүгін - белгілі дирижер Төлепберген Әбдірәшевтің туған күні 70 жыл бұрын (1948-2007) дирижер, Қазақстанның халық әртісі, Батыс Берлинде өткен Халықаралық дирижерлер байқауының дипломанты, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбдірәшев Төлепберген дүниеге келді, – деп жазады «Қазақпарат».
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), Мәскеу консерваториясын Г.Н.Рождественскийдің класы бойынша бітірген. 1974-1975 жылдары – Шымкент музыкалық училищесінің оқытушысы. 
1979-1982 жылдары – Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері. 1982-1983 жылдары Вена музыкалық академиясында (Австрия) тәжірибе жинақтаудан өткен. 1985-1987 жылдары – Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері. 1987 жылдан Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері қызметтерін атқарған. 
Әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<