Білікті бапкерге құрмет

10

0

Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан спорт ардагері, бапкер Тұрғанбек Алтынбековті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында облыстың ашық турнирі өтті. Оған Қызылорда қаласы, облыс аудандары және Жамбыл облысы Байзақ ауданынан командалар қатысты.

Тұрғанбек Ержанұлы Алтын­беков – Қызылорда облы­сын­да волейбол спортының негізін қа­лау­шылардың бірі. Саналы ғұмы­рын осы спорт түрін дамытуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған көр­некті тұлға.

Ол ұзақ жылдар бойы өңір­дегі волейбол қозғалысының көш­бас­шысы болып, мыңдаған жас спортшының қалыптасуына ықпал етті. Өзінің кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Сыр өңірінде волей­бол­дың кеңінен қанат жаюына, бұқа­ралық сипат алуына және жоғары деңгейде дамуына зор еңбек сіңірді.

Бұл жарыс – спорттық сайыс қана емес, аймақ спортының да­муы­на өлшеусіз үлес қосқан арда азаматтың жарқын бейнесін ұлық­тайтын тағылымды шара.

Жарыс барысында 2012-2013 жылдары дүниеге келген ұлдар арасында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария аудандары, №2 ООРМБЖМ, Шиелі ауданынан екі және Жамбыл облысы Байзақ ауданынан команда келді. Бас жүл­де шиелілік волейболшыларға бұйырса, одан кейінгі орындарды №2 ООРМБЖМ және сырдариялық команда өзара бөлісті.

Ал 2014-2015 жылғы жасөспі­рімдер арасында барлығы алты ко­­ман­да сынға түсті. Олардың қа­­­та­рында Қызылорда қаласы, Арал ауданы, Шиеліден екі, №2 ООРМБЖМ, Жамбыл облысы Бай­зақ ауданының командалары бар. Үздік үштікті Шиелі ауда­ны­ның бірінші және екінші, Жамбыл облы­сының командалары өзара бөлісті. 

Әділжан ҮМБЕТ,

«Сыр бойы»