Құрылтай

Бір жұп, бір мамандық

3

0

Батырхан Тұрмұратов пен Күлбарам Есенеева дәрігер акушер-гинеколог, кәсіби тәжірибесі мен білімін ана мен бала денсаулығын қорғау жолына арнаған.

Олар 2007 жылы Астана медицина университетіне түскен кез­де танысады. Жалпы меди­ци­наны бітіргеннен кейін, «акуше­рия және гинекологияны» таң­дап, одан әрі бірге білім ал­ды. Соң­­ғы курста отбасын құр­ды. Қол ұстасқан жастар Қа­залы ау­­дан­дық ауруханасына жұ­мыс­­­қа орналасты. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының игі­­­лігін көріп, бірреттік көтерме жәр­­демақы алды. Онда біраз тә­жірибе жинады, шыңдалды. Ісі­не деген жауапкершілігі артты. Қаншама сәбидің өмірге аман-сау келуіне ықпал етіп, аналарға сапалы ме­ди­циналық көмек көрсетті. Көп­тің алғысына бөленді. 2024 жылы Қызылорда қаласына қо­­ныс аударып, облыстық пери­наталдық орталықта жұмысын жалғастырды. Батырханның ай­туынша, мұнда жұмыс еселене түскен. Күнделікті қаншама ана сәбиін құшағына алады. Ал бұл процесс дәрігер біліктілігінің арқасында жүзеге асады. 

– Өмірге сәби әкелу оңай емес. Жүкті әйел босануға келгеннен кейін жағдайын бақылауға ала­мыз. Арнайы палатаға орнала­са­ды, заманауи құрылғылар қол­­­да­на­мыз. Әр ананың денсау­лы­ғы­­на байланысты босануды ба­рын­­ша сауатты жүргізуге ты­рыса­­мыз. Шүкір, пациенттен тек алғыс алып келеміз. Қиын сәтті ұмыт­ты­ратын бір мезет бар, ол – сәби үні, – дейді Батырхан Тұр­мұратов.

Білікті дәрігермен әңгімелесу кезінде мына бір қызық жайтты естіп, таңғалдық. Ол алып сә­биді де табиғи жолмен босанды­рып,  өз ісінің білгірі екенін сан мәрте дәлелдеген. Әдетте сал­мағы үлкен шақалақты кесарь ті­лігімен өмірге әкеліп жатады. Ал Батырхан салмағы 5,500 келі болатын сәбиді босану кезіндегі зақымданусыз тудырған.

Жары Күлбарам да перзент­ханаға түскен әрбір әйелге ерекше ықыласпен қарайды, жылы сөзімен күш-жігер береді.

– Бір мамандық иелерінің от­басын құруы жиі кездесетін жағдай. Мұндай жұптардың ор­тақ тіл табысуы оңай және бір-бірінің кәсіби қиындықтарын тез түсінеді. Біздің де таныстық студент кезден басталды. Бір топта білім алдық. Қазір отбасын да, қызметті де қатар алып келеміз, – дейді Күлбарам Есенеева.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»