Биыл 10 374 адам тұрақты жұмысқа орналасты

369

0

Жұмыссыз жүру кім-кімге де оңай тимесі анық. Тұрақты жұмыс болмаған соң табыстың да келуі неғайбыл. Жүйелі жобалар мен түрлі бизнес жоспарлар ұйымдастыру тұрғысында бүгінгі күндері жұмыссыз жүрген жастарға үлкен қолдау жасалуда.

Бүгінде облыста екі қолға бір күрек тапқандардың саны 10 374 адамды құраған. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.

– «Мемлекет басшысының облыс әкімдеріне 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес, биыл өңірімізде 10 651 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Бүгінде жылдық жоспардың 97,4 пайызы орындалды. Алдағы уақытта да жастарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасын таппақ», – деді басқарма басшысы Ғабит Жұмабекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<