Биыл көктемгі су тасқынынан қауіп бар ма

455

0

Фото ашық дереккөзден

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов көктемгі су тасқынына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемгі су тасқынын болжау, қауіптің алдын алу бойынша Қазгидрометтің деректеріне сүйене отырып шешім қабылданады. Жалпы аталған мәселе бақылауда. Министрдің тапсырмасына сәйкес, су тасқыны қаупін алдын алу шараларын жылдағыдан бір айға ерте бастап кеттік»,- деді Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері көктемгі су тасқыны қаупіне қатысты нақты баға беруді сұрады.

«Құдай қаласа бәрі жақсы болады»,-деп қысқа қайырды спикер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде көктемгі су тасқынына дайындық шаралары басталып кетті.

Қауіптің алдын алу мақсатында кезекшілік кестесі бекітіліп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр.

Экология министрлігінің дерегінше, көктемгі су тасқыны қаупі Қызылорда, Маңғыстау облысында төмен, Ұлытау және Павлодар облысында орташа.

Қалған барлық өңір қызыл аймақта, яғни қауіп жоғары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<