Білім саласындағы жетістіктер

307

0

Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
2018 жылдың соңғы 6 айында білім саласы бойынша құрылысы аяқталған нысандар: Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы (жобаның жалпы сметалық құны: 789,932 млн.теңге, келісім шарт соммасы – 775,500 млн. теңге) мамыр айында пайдалануға берілді.
Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал» (жобаның жалпы сметалық құны: 183,646 млн.теңге, келісім шарт соммасы – 180,320 млн. теңге) құрылысы мамыр айында пайдалануға берілсе, Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша (жобаның жалпы сметалық құны: 188,480 млн.теңге,. келісім шарт соммасы: 184,800 млн. теңге) құрылысы маусым айында пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысына облыстық бюджеттен 2017 жылы – 100,0 млн теңге, 2018 жылы – 200,0 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы сметалық құны 1292,2 млн теңгені құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<