«Болашақ» бағдарламасы бойынша квоталық категориялар алынып тасталады

432

0

«Болашақ» бағдарламасы бойынша квоталық категориялар алынып тасталады Алдағы бес жылда «Болашақ» бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, басты өзгерістердің бірі – ағылшын тіліне қатысты талапты күшейту. Осыған байланысты барлығына бірдей талап қойылады.

«Біз бір жерде тұра алмаймыз. Себебі білімге қатысты талаптар күшейіп келеді. Сондықтан алдағы бес жылда «Болашақ» бағдарламасына бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Негізгі мақсат – бағдарламаның тиімділігін арттыру. Біріншіден, аймақтық деңгейде онлайн тестілеу болады. Осының арқасында конкурсқа қатысу көрсеткіші артады деген болжам бар. Екіншіден, үміткерлерді сапалы түрде іріктеу мақсатында ағылшын тіліне қатысты талаптар күшейтіледі. Атап айтқанда, магистратураға түсемін деушілер үшін IELTS-тің межесі 6,0-ге дейін көтеріледі. Үшіншіден, ағылшын тіліне қатысты талаптардың күшейтілуіне байланысты 2025 жылдан бастап барлық квоталық категорияларды алып тастайтын боламыз», – деді Т.Ешенқұлов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасы бойынша арнайы категориялар үшін IELTS-тің межесі 5,5-ті құрап отыр. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, стипендия түлегі аймаққа барып, жұмыс істесе, бағдарламаны өтеу мерзімі қысқартылады.

Жалпы, бағдарлама басталғалы бері 12 898 стипендия тағайындалды. Соның ішінде 10 096 адам оқуды тәмамдап шықты.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<