
Бұл Конноллидің былғары қолғап шеберлеріне арналған алғашқы туындысы емес. Оның коллекциясында Флойд Мэйвезер, Мұхаммед Әли, Мэнни Пакьяо және басқа да боксшылардың портреттері бар. Сондай-ақ, суретші футбол тақырыбында да картиналар салады. Джейді жұмыстарының бірін танымал ринг-анонсеры Майкл Баффер мақтаған болатын. Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile аренада өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<