БІРНЕШЕ НЫСАН САЛЫНУДА

212

0

 Жыл басынан бері аудан бойынша жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жалпы құны – 487,5 млн. теңге болатын 17 нысан ашылса, жыл соңына дейін жалпы құны – 632,0 млн. теңге болатын 9 нысанды іске қосу жоспарлануда.
Қазіргі таңда аудан көлемінде балық шаруашылығы саласы бойынша 2 инновациялық тұрғыдағы жобаларды іске асыру көзделуде:
«Қазақстан Аквакультура LTD» ЖШС-нің «Балықты тереңінен өңдеу және пластикалық қайық жасау» зауыты құрылысы.
Қаратерең ауылдық округіндегі «Жалғасбай» ЖШС-нің балық өңдеу және сақтау цехының құрылысы.
Зәкірлі жобаларға ауданнан 2 жоба ұсынылды.
Біріншісі, жоғарыда аталып өткен «Қазақстан Аквакультура LTD» ЖШС-нің «Балықты тереңінен өңдеу және пластикалық қайық жасау» цехының құрылысы болса, екіншісі, «Ақбай» шаруа қожалығының «Тауарлы сүт фермасын дамыту және егістік алқабын кеңейту» жобасы.
Жобалық басқару шеңберінде қазіргі күні аудан бойынша 2 жоба іске асуда. «Қазақстан Аквакультура LTD» ЖШС-нің «Балықты тереңінен өңдеу және пластикалық қайық жасау» цехының жобасы және Жеке кәсіпкер Т.Абибуллаевтың «Жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы.
Жалпы, өткен жылдың осы кезеңінде аудан тұрғындары 680 млн теңге несие алуға қол жеткізсе, биылғы жылдың 9 айында аудан азаматтары 1 412,3 млн теңгемен ауданның несие портфелін толықтырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<