
Chopard зергерлік үйі жиырма жылдан астам уақыт бойы Канн фестивалінің ресми серіктесі болып келеді және олар марапаттарды осы күнге дейін дәстүрлі түрде даярлап келеді . Алтын пальма бұтағы дизайнын 1998 жылы аталған брендтің креативті директоры және президенті Каролина Шойфеле әзірледі. Марапаттар Chopard зергерлік үйінде Fairmined сертификатына сай этикалық алтыннан жасалады. Fairmined сертификаттау стандартына сәйкес, алтын өндіру еңбек жағдайлары (атап айтқанда, балалар еңбегін пайдалануға тыйым салу), әлеуметтік даму және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты қатаң талаптарға сай болуы керек. Ескеріңізге салайық, биыл Канн кинофестивалі мамырдың 14-і мен 25-і аралығында өтеді. Негізгі конкурстың қазылар алқасының төрағасы болып мексикалық режиссёр Алехандро Гонсалес Иньярриту тағайындалды.