ӘЧ-2018: Франция құрамасының футболшысы Павардың соққан добы ең үздік гол болды

311

0

ӘЧ-2018: Франция құрамасының футболшысы Павардың соққан добы ең үздік гол болды Футболдан Франция құрамасының  қорғаушысы Бенжамен Павардың 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы матчында Аргентина командасының қақпасына соққан  голы турнирдің үздік голы атанды. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының  (ФИФА) баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, Франция – Аргентина  матчы 4:3 есебімен француздардың жеңісімен аяқталған болатын. Павар кездесу аргентикалықтардың пайдасына 2:1 есебімен болып тұрған кезде, 57-інші минутта гол салды.

Бұған дейін оңтүстікамерикалықтар қатарынан екі рет гол салып та үлгерген еді. Бір қызығы, бұл Франция құрамасының сүрініп тұрып жеңіп кеткен жалғыз ойыны болды.

«Адам сенбейтін соққы. Бенжамен өр мінезді. Ол осы голымен бізді жігерлендірді», – деп мәлім етті Павардың  соққан добы жайлы Франция құрамасындағы әріптесі Блез Матюиди.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<