«COVID-19 вирусы қағаз ақшаларда 3-4 күнге дейін сақталуы мүмкін» – сарапшы пікірі

253

0

Дегенмен, сарапшылар қолма-қолма ақшадан толықтай бас тартуға шақырмады, бірақ банкнота мен тиындарды ұстағанда қол жууға кеңес береді. Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақтала береді дейді сарапшылар.

Ресейлік сарапшылардың сөзіне қарағанда, кредит ұйымдары беретін қағаз ақшалар банктерде 14 күн уақыт тұрады да кейін ғана клиенттерге беріледі.

Дегенмен, сарапшылар қолма-қолма ақшадан толықтай бас тартуға шақырмады, бірақ банкнота мен тиындарды ұстағанда қол жууға кеңес береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<