COVID-19: Жаңадан 1 жағдай тіркелді

691

0

Коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 280 жағдай тіркелді. Ал сауығып шыққандар саны – 221. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«22.05.2020 жылы коронавирус инфекциясымен тіркелген 1 жағдай Д есепте тұратын науқасты скринингтеуден анықталған жағдай. Сонгы тәлікте стационардан емделіп шыққан 2 адам. Жалпы короновирус инфекциясынан емделіп шыққаны -221. Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты»,- деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Короновирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған -3778 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны -2085, жанама қарым қатынаста болғаны -1693 азамат. Қызылорда облысы бойынша барлығы 870 сынама алынып, 727 сынама теріс мәнді, 1 сынама оң мәнді, 142 сынамамен жұмыс жасалуда. Қалдық тест саны -2475. Эпид маусым басталғалы бері 25985 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<