
Олар бұған дейін қаладағы «Dalatex» тігін фабрикасына экскурсия ұйымдастырды. Бизнес ашып, оны дөңгелетуге ынталы жастар фабриканың жұмыс барысын көзбен көріп, тың тәжірибе жинақтап қайтты. Табыстың шыңына көтерілу жолымен танысып, «Бизнесті ең төменгі қаржы капиталмен қалай бастауға болады?» деген сауалдарға да жауап алды.
Шараның аймақтағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға серпіліс берері анық.