ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

390

0

Жуырда Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтті.  Байқауға өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары  қатысты. Биылғы ерекшелік – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тұңғыш рет онлайн дауыс беру тәжірибесі енгізіліп отыр. Көрмеде сараптау комиссиясы қатысушылардың ішінен финалистерді анықтады. Қазақстандықтар 15-25 қазан аралығында отандық үздік өндірушіге дауыс береді. Финалистердің арасында Қызылордадан ерлер жейдесін өндіретін «Далатекс» және тұз өндіретін «Аралтұз» ЖШС-тері  бар.
Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде «Далатекс» ЖШС басшысы Д.Абизов кәсіпкерлердің өз өнімдерін ілгерілетуге және өткізуге қызығушылығын арттырған көрме туралы айтты. Көрмеге қатысушылар жаңа іскерлік байланыстар орнатуға,  өнімінің экспорттық әлеуетін арт­тыруға мүмкіндік алды.
Келушілер «Далатекс» жейде­лерін сатып алып, отандық тауар көпшілікке кеңінен та­ныс­­­тырылды. Елбасы жаңа Жол­дауында кәсіпорындарға ха­лық тұтынатын тауарлардың кең ау­қымын, «қара­пайым заттар экономикасын» игеруді тапсырғаны белгілі. Сондықтан ішкі нарықты өз тауарларымызбен толтыруға талпыныс жасап жүрген жергілікті компанияларға онлайн дауыс беру арқылы қолдау көрсетейік.
«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<