Демалыс күндері еліміздің кей өңірлерінде 43°С ыстық болады

205

0

Синоптиктер 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және орталық облыстарына Ираннан өте жылы ауа еседі, бұл Қазақстан арқылы жылжыйтын атмосфералық фронттардың шиеленісуіне алып келеді.
Сол себепті демалыс күндері еліміздің басым облыстарында найзағайлы жаңбыр, күшті екпінді жел, кей жерлерде бұршақ және ауа температурасының төмендеуі болжанады.
Тек батыс аумақтарда өзгеше болады. Мұнда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Максималды температура плюс 32-37°С, кей жерлерде 40…43°С жоғарылайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<