Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

219

0

Синоптиктер 8 – 10 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклондардың әсерінен еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жылы ауа райы сақталады және жауын-шашын болмайды.
«Еліміздің қалған өңірлеріне салқын атмосфералық фронттар әсер етіп, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы үш тәулікте ауа райы салқындайды. Жауын-шашын жауып, ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қостанай өңірінде күн күрт суытатыны туралы хабарлаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<