Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты әлемдік турнесін кейінге қалдырды

228

0

Әнші Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты әлемдік турнесін кейінге шегерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті достар! Димаш Құдайбергеннің «Arnau Tour» әлемдік турнесі аясындағы концерттері кейінге шегерілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына байланысты Димаштың Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт пен Минсктегі концерттері басқа уақытқа шегеріледі. Жаңа мерзім бойынша біраз уақыттан соң хабар береміз. Оның бәрін қарсы алатын тарап пен ұйымдастырушылармен ақылдасу керек», – деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев Instagram парақшасында.
Әншінің әкесі сонымен қатар көрерменнің Димаштың өнеріне деген шексіз ықыласына алғысын білдірді.
«Әйтсе де қазіргі күрделі жағдайда әрбіріміз өз денсаулығымызға қарап, қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек. Көп уақыт өтпей концерттік алаңда кездесерміз деген үміттеміз. Қолдауларыңыз бен махабаттарыңыз үшін мың да бір рахмет! Өз өздеріңізге сақ болыңыздар!» – деп жазды әншінің әкесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<