Димаштың бейнебаяны ресейлік арнада жеңімпаз атанды

223

0

Қазақстанның әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян ресейлік «МУЗ-ТВ» арнасында көрермендердің ең көп дауысына ие болып, «музраскрутка» бағдарламасында көш бастады. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің «МУЗ-ТВ» телеарнасының «музраскрутка» бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97 пайыз дауыс жинап жеңімпаз атанды», – дейді әншінің әкесі өз парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<