«Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік қызметшілер де барады

237

0

 «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына мемлекеттік қызметшілер қосылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Асқар Маминнің айтуынша, жоба аясында ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының 18-бабы 8-тармағында регламенттелген. Аталған бап тек ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған және қалалық елді мекендерге қолданылмайды.
– Бұған қоса, аудандық маңызы бар қалаға келген мамандар үшін жоба аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығын одан әрі ұл­ғаюына, сондай-ақ бюджет шығыс­тарының артуына түрткі болады. Дегенмен, «Дипломмен – ауылға!» жобасына ауыл­дық округ әкімдігінің аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді қосу жоспарланған. Бұл да мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін арттырады. Аталған норма ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1012 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ен­гізілген «Мемлекеттік қызмет мәселелері бо­йынша Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басында көзделген, – деді Үкімет басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<