Дэвид Кэмерон ресми сапармен Қырғызстанға барады

180

0

Фото: daryo.uz

22-23 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лорд Дэвид Кэмерон қырғыз әріптесінің шақыруымен Қырғызстанға ресми сапар жасайды.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу барысында екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, екіжақты қырғыз-британ ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Сапар бағдарламасына Дэвид Кэмерон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың кездесуі кіреді.

Бұған дейін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Тәжікстанға сапары хабарланған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<