Әділдік әрбір салада өркен жаюы керек

382

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасындағы «Әділдік» бағыты маған ерекше әсер етті. Мұнда міндеттелген 8 басымдық – әділдікке апарар алтын кілт. 

Әрбір қазақстандықтың еңбе­гіне сай жалақы алуы әркез наза­рында екенін айт­қан Мемлекет басшысы әділдік ұғы­мының әлеу­меттік салада кең етек жаюы керек екенін де ескертті. Мәселен, тұрмысы тө­мен, көмекке мұқтаж азаматтар мен әлеу­меттік аз қам­тамасыз етілгендер, мүм­кіндігі шек­теулі жандар әрқашан қа­жет­ті қол­дауды әділ алу керек. Бұл күн тәр­тібіндегі өзекті мәселеге ай­налды. Пре­зидент байтақ рес­пуб­ликаның әр түкпі­ріндегі жағдайға қанық.

Әлеуметтік көмек алу үшін құжат бо­йынша әдейілеп айырылысқандар немесе мекенжай тіркеуінен шығып жатқандар әділдіктен аттап барады. Мұны да қаперге алған жөн. Біз жаман нәрсені атын атамайтын халықпыз. Ал қолдан айырылысуға не жорық?!

Президент бұдан бөлек, қоғам­ның жегі құртына айналған жем­қорлық жайына да тоқталған еді.  «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жем­қорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жет­кіліксіз. Жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды» деді Қ.Тоқаев өз сөзінде.

Күні кеше ұлттық домбыра күні мерекесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен кездесті. Жиында тек шенеу­ніктер ғана емес, қарапайым халық, сол жердегі әрбір тұрғын Президентпен емен-жарқын әңгімелесе алатын мүмкіндікке ие болды. Елмен етене Президенттің бұл бағдарламасы қоғамды өрге сүйрейді деген сенімдемін.

Нұрмұрат ЕРМАНОВ,

«Бабас» ЖШС директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<