Дүниежүзілік көз мүгедектері күніне орай шара өтті

337

0

    Қызылорда облыстық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында 13 қараша – Дүниежүзілік көз мүгедектері күніне орай  «Өмірге құштар, өнерге іңкәр»  атты  шара ұйымдастырылды.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында ұйымдастырылып отырған бұл шара екі бөлімнен тұрады. Жиынның І бөлімінде кітапханада өтетін барлық шараларға белсене атсалысып келген кітапты жиі оқитын үздік оқырмандар марапатталса, екінші бөлімінде кітапханада тұрақты жұмыс жасап келе жатқан Брайль алфавитін үйрететін «Ғажайып нүкте» атты үйірмесінің  оқырмандары  арасында Брайльша жазудан диктант жазу түрінде сайыс өтті.

   Қызылорда параолимпиада комитетімен бірлесе отырып спорттық ойындар үйірмесі жұмыс жасайды, осы үйірмеде  спортшыларымыз республикалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жасайды.

    Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбуова Мира Рахымжанқызының атынан  құнды байлықты бойына сіңіріп, кітап атты рухани доспен сырласып жүрген үздік оқырмандар марапатталды.

  Сыр бойы талай ақын, жыршыларды дүниеге әкелген киелі мекен.Осы шараға өнер майталмандарының өнерін жалғастырушы филармония өнерпаздары  өнер көрсетті.

         Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кітапхана директорының атынан  бағалы сыйлықтармен Алғыс хат және дипломдармен  марапатталды.

              Кеш  концерттік бағдарламамен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<