Доллар 371,80 теңгені құрады

261

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 371,80 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
KASE хабарлағандай, доллардың орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 371,80 теңгені құрады. Бұл 5 қыркүйектегі күндізгі саудамен салыстырғанда 1,91 теңгеге қымбат.
Ал, сауда-саттық көлемі – 142 100 мың долларды көрсетті. Осы ретте,айта кетер болсақ, кешегі күндізгі саудамен салыстырғанда 22 750 мың доллар аз сатылған.
жалпы соңғы кездері доллар бағамының өсіп келе жатқаны айқын көрінуде. мәселен таңертен валюта айрыбастау пунктеріндегі доллар бағамы 1 доллар үшін 375 теңгені құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<