Допинг қолданғанын мойындаған неміс спортшысы Олимпиада медалін сақтап қалды

292

0

Допинг қолданғанын мойындаған неміс спортшысы Олимпиада медалін сақтап қалды Сеул Олимпиадасының чемпионы неміс онсайысшысы Кристиан Шенк допинг қолданғанын мойындағанымен, медалін сақтап қалды, деп жазады «Хабар 24».

ГДР атынан өнер көрсеткен Шенктің сөзіне қарағанда, ол спорттық ғұмырында үнемі допинг, соның ішінде туринабол стероидін қолданған. Спортшының еншісінде 1988 жылғы олимпиада алтынынан бөлек 1990 жылғы Еуропа чемпионаты мен 1991 жылғы әлем чемпионатының қола медальдары бар.  Халықаралық олимпиада комитеті 53 жастағы Шенктің шындықты жайып салғанын дұрыс қабылдап, мерзімнің баяғыда өтіп кетуіне байланысты спортшыны жүлделерінен айырмаймыз деп шешті. «Бұл жайттың бұрын болғанын есепке ала отырып ХОК ешқандай шара қолданбайды. Оның өз кінәсін мойындағаны дұрыс болды және алдағы уақытта бұл допингпен күресуге көмектеседі деп ойлаймыз», – деп хабарлады ХОК өкілдері. 1994 жылы карьерасын аяқтаған Шенк телевидениеде жұмыс істеп қана қоймай, табысты кәсіпкерге айналды. Бұрынғы спортшы қайырымдылыққа да көңіл бөлген, деп жазады Sports.ru

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<