Достықты ту еткен тимбилдинг

23

0

Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бастау алған медиамарафонға Сыр өңіріндегі журналистер қосылды.

Қызылордадағы NIS-тің бастамасымен ұйымдастырылған тимбилдингте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясының оқушыларымен бірге топтық ойындарда сайысқа түсті. Командалық тапсырмаларды орындау барысында  қатысушылар бойында достық, ауызбіршілік секілді  құндылықтар анық байқалып, көтеріңкі  көңіл-күйде уақытты тиімді өткізді.

«Бұл шарада маған ерекше әсер қалдырды. Тапсырмалар жеңіл көрінгенімен тобымызды ширатты. Бос қауашақтардан қамал тұрғызып, шеңбердің ішінен өтіп, қиындықтарды бірге еңсердік. Бірге ән салып, би билеп, бір сәт жұмыстан қол үзіп, ойымыз да, бойымыз да сергіп қалды», – дейді «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшісі Гүлбану Мақажан.

Достықты ту еткен белсенді ойындар әрі қарай салтанатты шарамен жалғасты. Мектеп директоры Бахыт Жұматай бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Әрқашан қоғамдық ахуалдың шебінде жүріп, халықты маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп, NIS жетістігі мен оқушылардың табысты еңбектерін жан-жақты насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін аймақтағы 18 БАҚ өкілі мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтқанда, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Әділжан Үмбетов, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбеков, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының меншікті тілшісі Әділбек Жақанов, «Тengrinews» ақпараттық порталының меншікті тілшісі Айнагүл Манабаева, «Литер» республикалық газетінің меншікті тілшісі Наталья Черней, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева, «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшілері Шынар Бекбан, Гүлбану Мақажан, Айсәуле  Қарапаева, «Kyzylorda news» ақпараттық агенттігінің тілшісі Динара Маханова, «Кызылординские вести» газетінің тілшілері Алибек Байшуленов, Майя Аденова, Марина Скорнякова, «Ақмешіт жастары» облыстық газеті тілшісі Ерасыл Шәрібек, «Ақмешіт апталығы» қалалық газетінің тілшісі Айтолқын Айтжанова, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бағдарламалар бөлімінің редакторы Аяжан Қайратқызы, «Қоғам ТВ» телеарнасының редакторы Олжас Дауыт.

Сонымен қатар жыл ішінде 20-ға жуық зияткер шәкірттермен сұхбат жүргізіп, кең көлемді материал дайындаған мектептің бірнеше жылдан бергі досы – «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадиноваға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрағасының атынан Алғыс жарияланды.