Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысында Ұйымға мүше елдер бірауыздан 2020 жылдың маусымда Астанадағы 12-ші ДСҰ Министрлік конференциясын (Ұйымның ең жоғарғы органы) өткізуге дауыс берді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шешім ДСҰ-ға мүше мемлекет елдерді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен экономикалық реформалар мен либералды сауда саясатына сенімін білдіреді. Женевадағы Қазақстанның БҰҰ-ғы бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанова, жақында ДСҰ-ға қосылған жас тәуелсіз мемлекет үшін осындай маңызды кездесуді өткізудің үлкен құрмет екенін атап өтті. Қазақстан ДСҰ-ның күн тәртібіндегі барлық шешілмеген мәселелерді талқылауға Министрлер Конференциясының негізгі нәтижелерін қамтамасыз ету үшін конструктивті үлес қосуға дайын.
ДСҰ-ның Бас директоры Роберто Азеведо ҚР Президентіне және Үкіметіне министрлік конференциясын өткізуге дайын болғаны үшін алғысын білдіріп, бұл қадам елдің көпжақты сауда жүйесінің құндылықтары мен қағидаларын ұстанатындығын растау болып табылатынын атап өтті. Министрлік конференция ДСҰ-ның жоғары басқарушы органы болып табылады, оның отырысы екі жылда бір рет өткізіледі. Уәкілетті органның өкілеттіктері көпжақты сауда келісімдері шеңберінде барлық мәселелер бойынша, соның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа тәртіптерді бекіту туралы шешім қабылдау құқығына ие.
2017 жылы 11 желтоқсанда Буэнос-Айрес қаласында өткен ДСҰ-ның 11-ші Министрлік конференциясы қорытындысы бойынша, бүгінгі таңда электрондық коммерция (электрондық сауда-саттық қатысушылары үшін үйлестірілген реттеуші ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету); қатысушы мемлекеттерде тұрақты, ашық және болжамды инвестициялық қызмет жағдайын қалыптастыруға бағытталған көп жақты ережелерді анықтау; микро-, шағын және орта кәсіпорындарды (МШОК) халықаралық саудаға ықпалдасуына ықпал ете алатын көлденең дискриминациясыз шараларды айқындау; ықтимал шектеулер мен лицензиялау, біліктілік талаптарына және техникалық стандарттарға байланысты қосымша шығындарды қызмет көрсету секторында компаниялар үшін азайту салаларындағы реттеу ережелерін айқындау мәселелері пысықталуда. 12-ші ДСҰ Министрлік конференциясында ДСҰ-ның 164 мүшелерінің сауда министрлері және 20 бақылаушы елдің өкілдері қатысады және қатысушылардың жалпы саны төрт мыңнан асады деп күтілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<