Дəстүрге айналған қайырымдылық

252

0

Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
«Ислам жəне отбасы» жылы аясында өткізілген қайырымдылық шарасы ай сайын тұрақты өткізіліп отыруы дəстүрге айналған.
Сауабы мол игі шарада ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы əлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасыға бір айлық азық-түлігін үлестірді.
Көмек алушы жандар өз кезегінде өкіл имамға риза болып, алғыстарын білдірді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<