ДӘСТҮРЛІ КӘСІБИ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ

347

0

ДӘСТҮРЛІ КӘСІБИ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ Елімізде дәстүрге сай, тамыз айының алғашқы жексенбісі Көлік қызметкерлерінің төл мерекесі ретінде тойланады.
Осынау игі дәстүр аясында 3 тамызда аудан орталығындағы оқушылар үйінде ел мен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік қызметкерлерінің мерейлі мерекесіне орай салтанатты кеш өтті.
Жаңа технология төрге озған қазіргі заманда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып, көлік қатынасын өрге сүйреп, тату тірлігі мен берекелі бірлігін арттыруға сүбелі үлес қосып отырған сала қызметкерлерін аудан әкімі М.Ергешбаев құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Мезгілдің ыстық-суығымен күні-түні жол жүріп, ел ризығын молайтып, өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап жүрген мамандар марапат пен құрметке әбден лайық.
Салтанатты шарада кешке қатысушылар мен ауданымыздағы теміржол мен автомобиль көлігі саласы қызметкерлері аудан өнерпаздарының әсем әні мен биін тамашалады.
Құрметті көлік қызметкерлері!
Қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<