Дүкендерде күнбағыс майы арзандады – Сауда министрі

484

0

Сурет: ашық дереккөз

ҚР Сауда және интеграциялар министрі Серік Жұманғарин маусымаралық кезеңде халықты азық-түлікпен қамту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нарықтағы бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде жасалған қордан нарықты толықтыру жұмыстары жалғасуда. Биыл тарифтік/тарифтік емес реттеудің уақтылы шаралары оң нәтиже берді», – деді С.Жұманғарин Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Мәселен, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу арқылы өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалады.
«Пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты бағаның күрт өсуіне жол бермеді», – деді министр.
Қазіргі уақытта 2024 жылдың маусымаралық кезеңін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы күзгі егінге келісімшарттар жасалуда. Бүгінгі таңда 90 мың тоннаға жуық өнім жиналған.
«Жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың маусымаралық кезеңіндегі келісімшарттарды жасауды жылдамдатуы керек», – деп ескертті Сауда министрі.
Бұған дейін Серік Жұманғарин еліміздің қандай азық-түлік импортына тәуелді болып отырғанын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<