Екі ұшақ соқтығысты

327

0

Екі ұшақ соқтығысты Франция астанасы Париждің «Руасси – Шарль-де-Голль» әуежайында екі ұшақ соқтығысты, – деп хабарлайды  Рarisien.fr басылымы.
31 қазан күні Delta Air Lines әуе компаниясының лайнері ұшар алдында тұрған Air France-тың ұшағын келіп соққан. Абырой болғанда, оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Air France лайнері Сен-Мартенге ұшуы тиіс еді. Осы оқиғадан соң рейс келесі күнге қалдырылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр.