Экономика жөніндегі нобель сыйлығы не үшін берілді?

275

0

2018 жылғы экономика жөнінде Нобель сыйлығы тағы да американдық ғалымдарға бұйырды. Әлемдегі ең бағалы сыйлықты осы жолы АҚШ-тың Йель университетінің ғалымы Уильям Нордхаус пен оның отандасы Бүкіләлемдік банктің бұрынғы экономисі Пол Ромер алды.
Сарапшылардың пікірінше, Нордхаус пен Ромер әлемдік экономиканың өсу тұрақтылығын, оның ұзақ мерзімге арналған өсу циклдарын талдаудан өткізген. Олар өсу тенденциясы ретінде технологиялық прогресті атайды. Ғалымдардың тұжырымдауынша, технологиялық прогрестің алғы шарты мемлекеттік реттеумен үйлестірілген нарық экономикасы болып табылады.
Сондай-ақ, Нордхаус өнеркәсіптік ластану­дың экономикалық даму мен халық денсаулы­ғына тигізетін зардаптарының арасындағы бай­ланысқа қатысты өзінің тұжырымдарын біл­дірген. Әлемдік экономика өсімінің тұрақ­тылығын шешу көптеген кедергілерге тап болып отыр. Бірақ екі ғалым бұл орайда саяси шешімдердің маңыздылығын алға тартады. «Әлемдік проблемаларды шешу үшін экономикада жүздеген жылдарға созылған циклдар дертінің диагнозын дұрыс қойып, оны алдын ала емдеу тәсілдерін меңгеру бүгінгі таңда ең маңызды болып табылады», – дейді бұл орайда Нобель сыйлығының лауреаттары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<