ЕЛ ДАМУЫНА САЛЫНҒАН ДАҢҒЫЛ

221

0

 Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы халық­тың әл-ауқатын арттыру мәселесін  қамтыды. Табыс пен тұрмыс сапасына кең көңіл бөлінді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақ­стандағы халық саны 14 миллионнан аспайтын. Бүгінде біз 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артып отыр.

Осындай жетістіктерді еске салған Елбасы дамуымыз бен халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселесінің күн тәртібінен түспейтінін жан-жақты және өте маңызды мәселелерді атай отырып қамтыды.

Әсіресе, білім беру­дің түйт­кілдері, мұ­ғалім мәр­тебесі жайлы ай­тыл­ған Президент сөзі өте құптарлық. Мұға­лімдердің артық жұ­мыстарға жегіліп, ретсіз тек­серулерге ұшырап жүре­тіні шын. Олардың бас­ты мақсаты ел бо­лашағы – бі­лімді жас өскінді өсіріп шығару. Мұғалім осы ісін алаң­сыз атқаруы тиіс. Міне, Президент осыған жете мән берді.

Сонымен бірге Елбасы шет елдің тауарына тәуелділікті доғару туралы айтты. Экономикалық негізі қалыптасқан елімізде киім-кешек пен тұтыну заттарын айтпағанда, бала ойыншығының өзі өндірілмесе, онда бұл шын мәнінде ойланарлық мәселе.

Осылармен қатар Президент тұрғындардың баспанамен қамтылу жайы, «7-20-25» бағдарламасының орын­далу барысына тағы бір тоқ­талды. 

Бұл Жолдаудың ерекшелігі, Пре­зидент өзі көтеріп отырған күр­делі мәселелерге қатысты сала министр­лерінен аяқасты жауап ала отырып, Үкіметке бірқатар міндеттер жүктеді.

Ендігі мәселе Үкімет пен жер­гілікті биліктің ел дамуы жолындағы еселі еңбегі болмақ.

Қуанышқали ШАПШАҢОВ,

еңбек ардагері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<