Елде 35 шақырым жылу желісі жөнделді

5

0

Фото: Энергетика министрлігі

Биылғы жылы жоспарға сәйкес 377 шақырым жылу желісін реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады

Қазақстанда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерін реконструкциялау және жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр.

— Биылғы жылы жоспарға сәйкес 377 шақырым жылу желісін реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Соның ішінде Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2026 жылы 130 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту жоспарланған, — делінген хабарламада.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде еліміздегі жылу желілерінің орташа тозу деңгейін 50%-дан 48%-ға пайызға дейін төмендету күтілуде.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға, технологиялық бұзушылықтарды азайтуға, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

— Бүгінде республиканың 16 өңірінде жалпы ұзындығы 152 шақырым жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 35 шақырым желіде жұмыстар толық аяқталды, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлген еді.