Елдегі 3 мың ресми қоқыс полигонының 20 пайызы ғана талапқа сай – Экология министрі

227

0

Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қоқыс полигондарының жай-күйіне тоқталды, деп хабарлады Қазақпарат.

«Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, еліміздегі 207 қала мен аудан орталықтарынан 130 елді мекенде әр түрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинау, 103 елді мекенде сұрыптау желілері немесе қолмен сұрыптау ұйымдастырылған. 2023 жылы республика бойынша қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) полигондарының саны 3016 болды. Өкінішке қарай, соның 624-і (20,6%) экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес», – деді министр.

Оның айтуынша, әкімдіктерге қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамытуға қажетті құзыреттер беріліп отыр.

«Атап айтқанда, жер учаскелерін беру, инфрақұрылым тарту тәсілдерін әзірлеу, экологиялық эмиссияларды пайдалану, бизнес субъектілеріне артықшылық (преференциялар) беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу бойынша құзыреттері бар. Әкімдіктер коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеуде», – деді Ерлан Нысанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<