Еліміздің екі өңірінде су тасқынының шарықтау шегі әлі орын алған жоқ

230

0

Сурет: primeminister.kz

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінде бүгін, 2024 жылғы 22 сәуірде су тасқыны шыңы әлі өтпеген ел өңірлері аталды, сондай-ақ су қоймаларындағы жағдай туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства мәліметінше, ШҚО мен БҚО-дан басқа барлық өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

«ШҚО мен БҚО-дан басқа барлық өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда», – деп хабарлады Су ресурстары және ирригация Министрлігі.

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 3,6 метр.

Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі- 1270 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 81%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 63%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау іс-шараларына су жіберу жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 86%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы да штаттық режимде жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<