Елімізге қызылша вакцинасы қай елден әкелінді

1841

0

Фото: gov.kz

Қазақстанға қызылша инфекциясына қарсы екпенің қай мемлекеттен әкелінгені айтылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Жыл басталғалы 11 күннің ішінде қызылша инфекциясының 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Оның 81-і — 14 жасқа дейінгі балалар. Қала бойынша инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендегеніне қарамастан, жағдай күрделі», – деді Астана қаласының бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елордада инфекция жұқтырғандардың 79% қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Вакцина Үндістан елінен әкелінді және ол дүниежүзілік денсаулық ұйымы бекіткен препарат», – деп толықтырды спикер.

Еске салсақ, бейсенбіде өткен Үкімет отырысында қызылшаға қарсы қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынғаны айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<