Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді

314

0

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауады, тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, сәрсенбі күні кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілуі, тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні 23,28 метрге дейін баруы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жауады. Жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні кей жерлерде 23-28 метрге дейін барады.

Ақмола облысында жел түнде күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқыса, түнде және таң ата тұман түседі.

Алматы облысында кей жерлерде желдің күші секундына 18-23 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысында түнде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел секундына 18 метр болады. Күндіз Атырау облысының бірқатар аймақтарында күн қатты ысиды.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<