Еліміздің солтүстігі мен шығысындағы салқын ауа райы сақталады

229

0

Карск теңізінен көтерілген суық ауа массалары қыркүйектің алғашқы күндері Қазақстанға жетіп, республиканың біршама облыстарында ауа райының күрт төмендеуіне себеп болды, – деп хабарлайды Қазгидромет. Бұл күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы төмендеді.

Хабарламаға сәйкес, суық әрі ауқымды антициклон Қазақстанның басқа өңірлеріне де тарағандықтан, суық ауа райы сақталады. Республика облыстарының көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады, тек батыста ғана нормадан 2-4°С жоғары болуы мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсіп, жолда көру мүмкіндігі 500 метрден аз болуы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<