Еліміздің спорт саласына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

320

0

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетеді. Әсіресе жас буынға үміт зор. Бұл Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сенімді болжамы. Министр тек жаңадан енген спорт түрлері ғана жалпы нәтижеге әсер етуі мүмкін дейді.
 Бүгін жылдағы дәстүрмен спорт күні қарсаңында ведомство басшысы салаға еңбегі сіңген азаматтарды құттықтап, арнайы төсбелгілермен марапаттады. Биыл 30-ға жуық адам «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін»  медаль және құрмет грамоталарына ие болды. Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның Еңбек Ері: – Қазіргі жағдайда қай елдің спорты мықты болса, сол ел мықты деп бүкіл әлемге жайылады. Сондықтан біздің Қазақстандағы спортшыларға спорт ардагерлеріне жанкүйерлеріме тілейтінім осы спорттағы жетістіктеріне бәріміз де бірдей қуана білуіміз керек. Қазақстанның спорты әрқашанда алда болу керек. Оныі бәрі өзімізге байланысты.

Дереккөз: 24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<