Елімізде бір дәрігерге 2000-ға жуық адам қаралады

233

0

2019 жылдан бастап алғашқы медициналық көмек көрсету тарифын көтеру арқылы бейінді мамандардың еңбекақысы 20 пайызға артады, деп мәлімдеді Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
 Бұл салада маман тапшылығы айқын байқалады. Елімізде бір дәрігерге 2000-ға жуық адам қаралады екен. Жыл басынан бері 9 млн қазақстандық азамат алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген. Алайда соңы өлімге алып келетін кардиология, онкология, эндокринология сынды аурулардың алдын алуға тұрғындар бейжай қарайды. Биыл бүкіл республика бойынша 1 млн тұрғын ғана мамандар көмегіне жүгінген. Осы орайда елімізде шағын медициналық орталықтар санын арттыру жоспары бар. «Ал жыл аяғына дейін халық түгелдей электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай паспортымен қамтамасыз етіледі», – деп айтты министр.  

24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<