Ерасыл Ерділда Азия чемпионатына жолдама алды

363

0

Шымкентте теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Азия чемпионатына іріктеу жарысы өтті.

Аталған жарыста 10 спортшының арасынан 2 спортшы ғана үздік деп танылды. Оның біреуі жерлесіміз, қызылордалық Ерасыл Ерділда болса, екіншісі астаналық Ислам Орынбасар.
Ерасыл Ерділда – ҚР құрама команда мүшесі, ҚР чемпионатының жүлдегері, республикалық жəне халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Ол Азия чемпионатынан кейін қазан айында Индонезияда болатын халықаралық турнирге қатысады. Азия чемпионаты 17 қыркүйекте Тайландта өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<