Түркия америкалық санкцияларға жауап ретінде АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялайды. Бұл туралы Түркия президенті Тайип Ердоған мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.
«Түркияға қарсы экономикалық шабуыл жүргізіліп жатыр. Бұрын мұндай әрекеттер жасырын түрде жасалатын, ал қазір барлығы ашық түрде жүріп жатыр. Бұл жағдайда бізде екі нұсқа бар: экономикалық және саяси позиция. Экономикалық позицияға келсек, біз қаржы министрілігі мен қазынашылықтың күні-түні жұмыс істеу үшін шараларды қабылдап жартырыз. Сондай-ақ, біз АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялаймыз. Оларда iPhone бар, Samsung та бар. Ал біздің елімізде өзіміздің телефон маркамыз бар – Venüs Vestel. Соларды қолданамыз», – деді Ердоған. Еске сала кетейік, осыған дейін Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны хабарланған болатын. АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі «адам құқығын өрескел бұзды» деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<