Ерекше балаларға арналған өнер фестивалі өтті

506

0

Бүгін Арал аудандық мәдениет үйінде «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында ерекше балалардың өнер фестивалі өткізілді.

Аудандағы ерекше балаларды өнерге тарту, олардың өнерлерін насихаттау мақсатында ұйымдарылған шара «Балалар жылы» мен Арал қаласының 95 жылдық мерекесіне орай өткізілді.

Мерекелік шараға келушілер алдымен мәдениет үйінің фойесінде ерекше балалардың әзірлеген бұйымдары қойылған көрмені тамашалады.

Аталған шарада Арал аудандық мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігінің күндізгі жартылай стационар бөлімінің және үйден әлеуметтік қызмет алатын бүлдіршіндер өнер көрсетті.

Әсем ән шырқап, би билеп, қазақ ертегілерінен үзінді қойылым қойған қатысушылар көрермендерге айрықша көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында өнер көрсеткен балаларға аудан кәсіпкерлері мен демеушілер тарапынан түрлі сыйлықтар үлестірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<