Ерлік сабақтары: Жеңіс батырларына арналған кураторлық сағат

154

0

Фото: НЗМ

Жеңіс күніне орай Қызылорда қаласындағы NIS кітапханасында Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктеріне арналған кураторлық сағат өтті. Оқушылар Бауыржан Момышұлының өз даусымен соғыс жайлы естелігін тыңдады.

Кітапханашы Багдат Төлепбергенова майдан оқиғалары туралы қазақ және әлем әдебиетінің кітаптарын таныстырды. Оқушылар Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов және Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерліктері жайлы постер дайындап, бір-біріне таныстырды. Іс-шара соңында барлығы бірге Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбіт өмір үшін алғыс білдіретін «Атамекен» әнін орындады.