Ерлікке тағзым

197

0

Фото: Аманат партиясы

Екінші дүниежүзілік соғысқа туған жерімізді қорғау үшін 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық соғыс майданына аттанды. Оның ішінде Сыр өңірінен 70 мың сарбаз бар. Соның тең жартысына жуығы елге оралған жоқ. Балалықтың бал дәмін сезе алмаған талай бозбалалардың өмірі қыршыннан қиылғаны да ақиқат. Соғыс даласы қандай қиямет болса, тылдағы еңбек те өз алдына бір бөлек әңгіме. Яғни, майдангерлер оқ пен отқа кеудесін тосса, елдегі еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін Отан қорғаушылардың қамы үшін тылда еңбек етті. Бұл күн батыр бабалар рухына тағзым жасап, ерен ерліктері үшін оларға алғыс айтатын күн.

Мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Нұркен Бақытбекұлы, Гүлшат Мұсаевамен бірге тыл ардагерлерінің хал – жағдайын сұрап, мерекемен құттықтап қайтты.

Жалпы аманаттықтар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жыл басынан арнайы іс-шаралар жоспары бекітіп, облыс көлемінде түрлі форматтарда 60-қа жуық іс-шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде облыстағы көзі тірі 2 Ұлы Отан соғысы майдангерлерімен, тыл ардагерлерімен түрлі кездесулер өткізсе, жалғызбасты қарияларға тегін медициналық көмек көрсетіліп, «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділерімен үй-жайларына тазалық жұмыстары жүргізілді. Ардагерлерге деген құрмет жыл көлемінде жалғаса беретін болады.