Ертең қатты аяз болады

187

0

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары! 

«Казгидромет» РМК 4 ақпанда берілген дабылды ескерту мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 6 ақпанда түнде Қызылорда облысы бойынша ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Осы кезеңде қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті, ескертеді:

– далаға шыққанда жылы киіну
– елді-мекендерден алыс сапарларға шықпау
– үсік шалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну
 – көп уақытта жылы жерде болу.  
Егер Сіз қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз «101» және «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз!

«Казгидромет» РМК Қызылорда филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<