Ержан Бабақұмаров Президент Әкімшілігінде құрылған жаңа орталықтың меңгерушісі болды

203

0

Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды», – делінген Ақорданың ресми сайтында.  Бұған дейін, Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылғанын хабарлаған болатынбыз.     

inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<