Есірткіге қарсы пікірталас

378

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қазіргі кездегі басты мәселелердің біріне айналды. Әр түрлі психоактивті заттарды тұтынудың өсуі аясында жастардың өлімі мен мүгедектігі артып келеді. Сондықтан мұндай қауіпті және зиянды тәуелділіктің алдын алу ең өзекті және уақтылы мәселе  болып табылады. Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы да осы жұмысқа өз үлесін қосуда.

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Есірткі туралы барлық шындық» тақырыбында пікірталас өтті. Мектеп оқушыларымен кездесуге Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келді. Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдерді нашақорлықтың әлеуметтік және медициналық аспектілерімен, сондай-ақ оның заңды салдарымен таныстыру болды.

Пікірталас барысында балаларға есірткі заттарының қайдан пайда болғаны және оларды тұтыну әлеуметтік проблемаға айналғаны, адамның қалай тәуелді болатыны және жастардың есірткіге қандай жолдармен «отырғызылатыны» айтылды. Мысалдармен электронды презентация көрсетілді. Сондай-ақ, жасөспірімдерге Қызылорда облысында есірткі заттарының таралуына қарсы күрес қалай жүріп жатқаны және есірткіні тұтыну мен тарату фактісіне тап болса, көмекке қайда жүгіну керектігі айтылды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға қызығушылық немесе абайсыздықпен өмірлерін бұзбауға, есірткі тұтынбауға, белсенді, жасампаз өмірді таңдауға шақырды. Тікелей әңгіме барысында полицейлер жастар арасында есірткі туралы аңыздарды жоққа шығаруға тырысты: өмірде «бәрін» сынап көру керек пе, есірткі шығармашылық шабыт беретіні рас па, «жеңілә» есірткі бар ма және т. б.

Мектеп оқушылары дұрыс таңдау жасап – денсаулық пен салауатты өмірді қолдау керектігіне шақырылды. Есірткіні сынап көру керек пе деген сұраққа балалар » Есірткіге жоқ!» деп жауап қайтарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<