Еуропада коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркелді

384

0

Бельгия мен Нидерландта коронавирусты қайта жұқтырған пациенттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап.

Нидерландта иммунитеті төмен егде жастағы ер адам вирусты екінші рет жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы осы елдің үкіметіне кеңес беретін вирусолог Марион Копманс NOS радиосының эфирінде айтты. Оның айтуынша, вирус геномының зерттеуі бұл алдыңғы жұқтырған аурудың салдары емес, қайта жұғу жағдайы екенін көрсеткен. Бельгиядағы екінші рет коронавирус жұқтырған пациент алғаш рет COVID-19 індетіне үш ай бұрын шалдыққан. Одан кейін ол ауруынан айығып шыққан болатын.

Бұл туралы вирусолог Марк ван Ранст VTM телеарнасына берген сұхбатында хабарлады. Вирустың екінші штаммында 11 мутация анықталған. Еске сала кетейік, 24 тамызда Гонконг университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 қайта жұқтырудың ғылыми расталған алғашқы жағдайы туралы хабарлаған болатын. Worldometer халықаралық волонтерлер тобының мәліметтерінде көрсетілгендей, 25 тамыздағы жағдай бойынша пандемия басталғалы әлемде 23,8 миллион індетке шалдығу жағдайы анықталған. 817 640 адам вирустан көз жұмған. 16,3 миллионнан астам пациент сауығып шыққан.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<